» Материалы за 15.04.2022

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 

7 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

Автор: admin от 15-04-2022, 02:03, посмотрело: 126

0
Қасқабұлақ орта мектебінде оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау және денсаулықтың бағалы байлық екендігін ұғындыру мақсатында «Саулық кілті – қолыңда» ұранымен «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні» аталып өтті.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Т.Мустафаев, Ф.Усейнов спорттық киіммен келген оқушыларға денсаулықты жақсартатын, салауатты өмірге шақыратын таңертеңгі бой жазу жаттығуларын, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарды ұйымдастырды.
Атап айтар болсақ, «Арқан тарту», «Шахмат», «Кермеге тартылу», «Бір орыннан ұзындыққа секіру», «Жылдамдыққа жүгіру», «Волейбол» ойындары өтті.
Жарыс соңында жеңімпаз оқушылар диплом, медаль, алғысхаттармен марапатталды.

Категория: Мерекелік іс-шаралар